Қоғам

Ішкі істер министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневТранспорт в Астане
Транспорт в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен аптада 210 жол апаты болған. Жылдамдықты арттыру, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау қайғылы оқиғаға әкеп соққан

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша — Sputnik. Жол апаты салдарынан 39 адам қаза болып, 289 адам жарақат алғаны ішкі істер министрлігінің алаңдаушылығын тудырып отыр. 

Апаттың негізгі себебі - жол ережелерінің сақталмауы болып отыр. Қайғылы оқиғаға көбінесе жылдамдықтың артуы, тыйым салатын және ескертетін белгілерге назар аудармау және оларды елемеу әкеп соққан, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ауа-райының нашарлауына байланысты ішкі істер минитрлігі тұрғындарға қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді сақтау керектігін ескертеді.

Қыстың басталуына байланысты:

  • қысқы немесе тікенекті шиналар орнату;
  • автомобильді жылыту және әйнектердің жылу үрлеу жүйесін тексеру;
  • суыту жүйесіндегі сұйықтықтың минус температурасы кезінде пайдалануға жарамдылығы мен жай-күйін тексеру;
  • дизель қозғалтқыштары бар көлік құралдары үшін қысқы дизель отынын пайдалану.

Қысқы жолда автомобильдің тежегіш қашықтығы айтарлықтай ұлғаятынын есте сақтау қажет. Сондықтан кенеттен қауіп туындаған жағдайда жүргізушінің жылдамдықты уақытында төмендетіп, көлікті тоқтатуға мүмкіндігі болуы тиіс. 

Министрліктің баспасөз қызметі қауіпті маневр жасауға және шұғыл тежеуге болмайтынын айтып отыр. Салдарынан көктайғақта жүргізуші рөлге ие бола алмай қалуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Депутат шетелден әкелінген көліктерге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты

Жаяу жүргіншілер де өте мұқият болуы керек. Жолды тек белгіленген орындарда өту қажет. Сонымен қатар көлік жүргізушілерінің оларды байқағанына және жылдамдықты төмендетіп, тоқтауға мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізу маңызды.

Жаңалықтар
0