Қоғам

Алдағы мереке күндері қосымша пойыздар қатынайды

© Photo : предоставлено пресс-службой национальной компании "Қазақстан темір жолы""Нұрлы жол" вокзалындағы жолаушылар пойызы
Нұрлы жол вокзалындағы жолаушылар пойызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда Тұңғыш президент күні, Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекесі күндері қосымша пойыздар жолға шығады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Желтоқсандағы мереке күндері төрт бағыт бойынша қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы-2 – Шымкент" бағыты бойынша 12 рейс "Алматы-2"-ден 28 қараша, 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 желтоқсан және 2, 6 қаңтарда шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қантар күндері кері бағытта аттанады.

"Алматы-2 – Түркістан" бағыты бойынша 4 рейс "Алматы-2"-ден 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан, сәйкесінше, 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері шығады.

"Маңғыстау-Бейнеу" бағыты бойынша күнара Маңғыстаудан 28 қарашадан бастап 6 қаңтарға дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 7 қаңтарға дейін тақ күндері жүреді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады

"Нұр-Сұлтан-Шу" бағыты бойынша "Тұлпар-Тальго" вагондарынан жасақталған екі рейс 31 желтоқсан мен 2 қаңтарда жүреді. Сондай-ақ, №712/711 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент" коммерциялық пойызы 8 желтоқсаннан бастап күн сайын қатынайды.

Барлық сұрақ бойынша "105" бірыңғай анықтама қызметінің нөміріне хабарласуға болады.

Жаңалықтар
0