Қоғам

Алматылық полицейлер біртүрлі көлік мінген ер адамды іздестіріп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда "отпен" жүретін көліктің иесі іздестіріліп жатыр. Ол темір тұлпарына тіпті түтін шығаратын мұржаға дейін орнатыпты

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша - Sputnik. Әлеуметтік желілерде Алматы көшелерінде жүрген біртүрлі көліктің суреті тарап кетті. Темір тұлпар "отпен" жүріп, мұржа арқылы түтін шығарады, деп хабарлайды inAlmaty.kz.

Тұрғындардың бәрі мұндай ерекше көлікке деген таңданысын жасырмады. Алматы полициясы көліктің иесі іздестіріліп жатқанын айтты.

 "Жүргізуші көлікті пайдалану ережесін сақтаған жоқ. Алдағы уақытта оның іс-әрекеті тексерілетін болады", - деді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Әжей жол үстінде көлік жүргізушісін ұрып тастады – видео

Полиция мұндай көлікті пайдалану ең алдымен жүргізуші мен жолаушылар үшін қауіпті екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай ерекше туынды жолдағы өзге көліктерге де зиянын тигізуі мүмкін.

Жаңалықтар
0