Қоғам

Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден өтті

© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуРаиса Мұхамедиярова
Раиса Мұхамедиярова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Раиса Мұхамедиярова 1995-2002 жылдары Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Кеңестік және қазақстандық театр және кино актрисасы Раиса Мұхамедиярова дүниеден өтті. Қаралы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі растады. 

Раиса Мұхамедиярова бүгін таңертең 80 жасында қайтыс болды.   

Актрисаны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі жетінші қарашада Мүсірепов атындағы театрда өтеді.

© Sputnik / Иосиф Будневич / Медиабанкке өтуРаиса Мұхамедиярова
Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден өтті - Sputnik Қазақстан
Раиса Мұхамедиярова

Раиса Мұхамедиярованың өмірбаяны

1939 жылы 11 шілде күні Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келді. Мектепті бітіргеннен кейін екі жылдай Сарыағаш аудандық партия комитетінде машинист-хатшы болып жұмыс істеген. Кинематографта "Песня зовет" деген фильмдегі рөлден кейін танымал болып кетті. Бұдан бөлек, актриса "Менің атым Қожа" фильміндегі рөлімен есте қалды. Ол сондай-ақ "И в шутку и всерьëз", "У подножья Найзатас", "Однажды и на всю жизнь" және "Человек-олень" фильмдерінде ойнаған.

© Sputnik / И. Буневич / Медиабанкке өтуРаиса Мұхамедиярова
Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден өтті - Sputnik Қазақстан
Раиса Мұхамедиярова

1962 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, ағылшын тілі оқытушысы мамандығын алып шыққан. 1995-2002 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеді. 1960 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-ның штаттағы актрисасы болды.

Айта кетейік, 1964 жылы Раиса Мұхамедиярова қазақтың халық жазушысы Ғабит Мүсіреповке тұрмысқа шыққан.

Белгілі айтыскер ақын Жарқынбек Наушабеков қайтыс болды

Жаңалықтар
0