Қоғам

Солтүстік Қазақстанда медициналық колледж директоры сотталып кетті

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Колледж директоры төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне 50 мың теңге сомасында пара бергені белгілі болды 

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Жемқорлық қылмыс жасаған Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры сотталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"Солтүстік Қазақстан медициналық колледжінің директоры М.Б. Ахметоваға қатысты пара берді деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды", - деп хабарлады агенттік.

Ол төтенше жағдайлар департаментінің қызметкеріне тексеріс кезінде анықталған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 50 мың теңге сомасында пара берген. Ал колледж фармацевті Әбдікәрімова делдал болған.  

1 қарашада Петропавл қалалық сотының үкімімен Ахметова пара бергені, ал Әбдікәрімова делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Тағы оқыңыз: Мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?

Бұрынғы директорға 500 мың теңге, фармацевтке 250 мың теңге айыппұл түріндегі жаза берілді.

Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Жаңалықтар
0