23:27 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
204701

Лауазымды тұлғалардың жалақысының көлемі бірқатар факторға, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты, деп мәлімдеді вице-министр

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айына 600 мың теңге (шамамен 1500 доллар) жалақы алады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі қанша жалақы алатынын айтты 

Орталық коммуникациялар қызметінде журналистер вице-министрден қанша жалақы алатынын сұрады. Каринова жауап беруден жалтармай, жалақы мөлшері бірнеше факторға, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты болатынын мәлімдеді.

"Қазіргі таңда мен 600 мың теңге жалақы аламын", - деп қысқа қайырды вице-министр. 

Осы жылдың тамыз айында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның жас мұғалімдері 70 мың теңге (179 доллар) жалақы алатынын мәлімдеген еді. Тәжірибелі педагогтардың еңбекақысы 200 мың теңгеге (512 доллар) жетеді. 

Шолпан Каринова туралы не білеміз 

Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының түлегі вице-министр қызметіне осы жылдың тамыз айының соңында кірісті. Ауыл мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген, колледж оқытушысы және мектеп директоры болып жұмыс істеген.

2009 жылдан 2012 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары болды. 2012 жылдың мамырында Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, 2013 жылдың шілдесінен бастап 2017 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасын басқарды.

2017-2018 жылдары Қазақстан білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

Тақырып бойынша

2020 жылдың бірінші қаңтарынан дәрігерлердің жалақысы өседі
"Жалақы 50%-ке дейін өседі": министр 2020 жылы болатын өзгеріс туралы айтты
Тоқаевтың тапсырмасы: министр мұғалімдердің жалақысын көтеру қашан басталатынын айтты
Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды
Қазақстанда мектеп директоры мен оқу ісі меңгерушіcінің еңбекақысы өседі
Кілт сөздер:
жалақы, вице-министр, мұғалімдер
Загрузка...

Басты тақырып