Қоғам

Дубайда екі жасар қазақстандық сәби комаға түсті

© Photo : Минздрав КазахстанаҚазақстанның санавиациясы екі жасар сәбиді Дубайдан елге жеткізді
Қазақстанның санавиациясы екі жасар сәбиді Дубайдан елге жеткізді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Таяуда сәби санавиациямен Қазақстанға жеткізілді, қазір ол елордадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Дубайда екі жасар қазақстандық сәби 3 дәрежелі комаға түсті.

Оқиға 15 қазан күні болған.

Ұл бала Дубайдағы бассейннен ес-түссіз күйінде табылды. Жергілікті дәрігерлер сәбиге шұғыл медициналық көмек көрсетті. Реанимациялық шаралардың арқасында баланың жүрегі қайта соға бастады, алайда ол 3 дәрежелі комаға түсті.

Сәби ауыр хәлде Дубайдағы емханалардың біріне жеткізіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Көп ұзамай баланың әкесі Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне жүгініп, ұлын елге әкелуге көмектесуді өтінді. Шетелдік мамандар сәбиді санавиациямен жеткізуге келісім берді.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық жігіт Кореяда қылмыс жасап, елден қашып кетті

"27 қазанда санитарлық авиацияның мобильді бригадасы кішкентай пациентті арнайы ұшақпен елге жеткізді. Арнайы борт Нұр-Сұлтан әуежайына сағат 10:40-та қонды", - делінген ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір сәби Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында жатыр.

Жаңалықтар
0