Қоғам

Бақытжан Сағынтаев Қанат Исламның жеңісі туралы не ойлайтынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневБакытжан Сагинтаев
Бакытжан Сагинтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қанат Ислам мен намибиялық боксшы Каутондоква арасындағы жекпе-жек қазақстандықтың жеңісімен аяқталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қанат Исламның жекпе-жегінен алған әсерімен бөлісті.

"Қанат Исламның титулдық жекпе-жегі жеңіспен аяқталды. Қанат бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-жеңіс құтты болсын, Чемпион", - деп жазды Сағынтаев Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Айта кетсек, Алматыда өткен Қанат Ислам (27-0, 21 КО) мен намибиялық боксшы Уолтер Каутондоква (18-2, 17 КО) арасындағы жекпе-жек қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Бірақ төрешілердің шешімімен келіспей жатқандар көп. Ал Уолтер Каутондоква шаршы алаңнан кетіп бара жатып, жекпе-жектің нәтижесі әділетсіз екенін айтты.

Жаңалықтар
0