Қоғам

Ғалымдар ақырын аяңдап жүрудің қандай қаупі барын анықтап берді

© Photo : CC0 / PublicDomainPicturesПешеход
Пешеход - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зерттеуге жүздеген адам қатысқан, мамандар олардың денсаулығын үш жастан бастап бақылап, 45 жасқа келгенде тест өткізген

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан — Sputnik. Баяу жүріс мидің ерте қартайып жатқанын көрсетеді, деп мәлімдеді Солтүстік Каролинадағы (АҚШ) Дьюк университетінің ғалымдары.

Зерттеуге Жаңа Зеландияның жүздеген тұрғыны қатысқан. Мамандар олардың денсаулығын үш жастан бастап бақылап, 45 жасқа келгенде тест өткізген, деп жазады "Известия" басылымы.

Белгілі болғандай, бала кезінде интеллект коэффициенті төмен, тіл меңгеруге қабілеті әлсіз және қозғалыс белсенділігі нашар адамдар орта жасқа келген кезде баяу жүреді.

Тағы оқыңыз: Сүтті шайдың ешкім күтпеген зияны анықталды

45 жастағы зерттеуге қатысушыларға жасалған магниттік-резонанстық томография баяу жүретіндердің миының көлемі кішірек екенін, сондай-ақ ми қыртысының тығыздығы төмен екенін көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, бұл мидың ерте қартайып жатқанының белгісі.

Бұдан бөлек, зерттеушілер сегіз адамнан тұратын топқа сынаққа қатысқан адамдардың суретіне қарап, жасын анықтауды ұсынған. Тест барысында ақырын аяңдайтындар жылдам жүретіндерден ересек көрінетіні анықталды.

Жаңалықтар
0