Қоғам

Мемлекетке опасыздық жасаған қытайтанушы ғалым 10 жылға сотталып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Қазақстандық ғалым Константин Сыроежкин сот шешімімен 10 жылға сотталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.  

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты Константин Сыроежкинді қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлімі "Мемлекетке опасыздық жасау" бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға соттады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі 2019 жылдың 7 қазанында шыққан. Констатин Сыроежкин – Қазақстан азаматы.

Констатин Сыроежкин туралы не білеміз?

Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайтында 62 жастағы Сыроежкин 2006 жылдың басынан бері бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істейтіні хабарланған.

Мамыр айының басында БАҚ-та қазақстандық арнайы қызметтер Сыроежкинді, алдын ала болжам бойынша, тыңшылық жасады деген айыппен ұстағаны туралы ақпарат жарияланды.

Кейінірек қазақстандық ғалымдар биліктен Сыроежкинге қатысты жағдайды түсіндіруді және егер бұл ақпарат расталса, тергеу барысын жеке бақылауға алуды сұрады.

Тағы оқыңыз: Сүйіктісін досымен жабылып зорлаған жігіт сотта жылап жіберді

2019 жылдың 15 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыроежкинге қатысты қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі "Мемлекетке опасыздық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сыроежкин – қытайтанушы ғалым, көптеген кітаптың, сондай-ақ орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мыңнан аса мақаланың авторы.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, ол Қазақстан саяси ғылымдар академиясының академигі, тарихи ғылымдар кандидаты және саяси ғылымдар докторы, сондай-ақ Синьцзян университетінің құрметті профессоры. 

Жаңалықтар
0