Қоғам

"Тексеріс басталды": министрлік Мұхамеджан Тазабектің дәрісі жайлы айтты

Жазылу
Мұхамеджан Тазабекті мамандандырылған күзет қызметі басқармасы шақырған, ақынның дәрісіне қатысты тексеріс жүріп жатыр  

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Айтыскер ақын, "Асыл арна" телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне оқыған дәрісінен кейін тексеріс басталды. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әрбір мемлекеттік органның ақпараттық жұмыс жүргізу жоспары бар. Олар әртүрлі кездесулерге қоғам қайраткерлерін шақырады. Біз қазір бұл кездесудің қаншалықты қажет болғанын, оның форматы мен мазмұнын тексеріп жатырмыз. Кейін бәрін саралап, баға беріп, шешім қабылдаймыз", - деді Калайчиди сенат кулуарында.

Айтуынша, Мұхамеджан Тазабекті мамандандырылған күзет қызметі басқармасы шақырған.

Жуырда айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің полицейлермен кездесуінде сөйлеген сөзі желіде тарап, біраз адамның ашуын туғызған еді. Қазақстандықтардың пікірінше, ақын полиция мен армияны халыққа қарсы айдап салып отыр.

Осыдан кейін Тазабек желідегі парақшасында өзін сынап-мінегендерге жауап берді.

Тағы оқыңыз: "Алаңды қызғанбаймын". Мұхамеджан Тазабек желіні шулатқан сөзін түсіндірді

Жаңалықтар
0