Қоғам

"Мақтан тұтамыз": Дариға Назарбаева ұстаздарды мерекесімен құттықтады

© Sputnik / Анатолий Устиненко1 сентября в школе № 244 г.Алматы
1 сентября в школе № 244 г.Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаева балалардың бойына жақсы дағдымен қатар білімге деген құштарлықты, өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру маңызды екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева қазақстандық ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды жоғары палатаның баспасөз қызметі.

"Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет. Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу", - делінген хабарламада.  

Құттықтауда балалардың бойына жақсы дағдымен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отырғаны айтылды.

Тағы оқыңыз: Білім министрі қай мұғалімді үлгі тұтатынын айтып берді

"Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқушыға, қазір оқып жатқан оқушыларға да, мектеп түлектеріне де өз ұстаздарына ризашылығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін! Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын!", - деді ол.

Қазақстанда ұстаздар күні қазан айының алғашқы жексенбісіне белгіленген.

Мереке қарсаңында білім және ғылым минисрлігі "Үздік ұстаз – 2019" байқауын қорытындылады. Конкурсқа республика бойынша 4 мыңға жуық педагог қатысқан. Ал финалға 178 педагог шықты. Сөйтіп, 64 адам үздік ұстаз атанды.

Жаңалықтар
0