Қоғам

Ресейдің Қазақстандағы елшісі қандай кітаптар оқиды

© Photo : предоставлено Российским центром науки и культуры в г. Нур-СултанРесей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан астанасында Азия елдері жазушыларының бірінші форумы өз жұмысын бастады

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Sputnik Қазақстанға қандай кітап ерекше әсер қалдырғанын айтты.

"Сүйікті кітаптарым дейсіз бе? Бұл қиын сұрақ. Жалпы оқығанды ​​ұнатамын, кереуетімнің жанындағы үстелде бірнеше кітап жатады, кейде тіпті бір уақытта бірнеше кітап оқимын. Әлсін-әлсін оқып тұратын қандай да бір сүйікті кітабым бар деп айта алмаймын. Дегенмен, білесіз бе, біреуін жеке-дара атап өткім келеді. Қанша таңырқарлық болмасын, бұл орыс немесе шетелдік классика емес. Ол – Владимир Богомоловтың "В августе сорок четвертого" романы. Бұл кітап маған қатты ұнайды. Ол мен қайталап оқыған аз кітаптың бірі болса керек", - деді Бородавкин Азия елдері жазушыларының бірінші форумы кулуарында.

4 қыркүйекте Қазақстан астанасында Азия елдері жазушыларының бірінші форумы өз жұмысын бастады. Пленарлық отырысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Форумға үш жүзге жуық шетелдік және отандық жазушы жиналды, олардың ішінде Азияның 38 елінен келген 70-ке жуық танымал жазушы бар.

Жаңалықтар
0