Қоғам

Бүгін қазақстандықтар Білім күнін атап өтеді

© Sputnik / Тимур БатыршинБірінші қыркүйек
Бірінші қыркүйек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Білім күні жексенбіге тұспа-тұс келсе де, мерекелік жиындар мен сынып сағаттары жыл сайынғы дәстүр бойынша 1 қыркүйекте өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Бүгін – Қазақстанда Білім күні. Барлық мектепте оқушылар үшін салтанатты жиын өтеді.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, жаңа оқу жылында үш миллионнан астам оқушы мектепке барады. Соның ішінде 400 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.

"Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында бүгін жаңа білім ошақтары ашылады. Республикалық бюджет есебінен 115 мектеп салынып жатыр, соның ішінде биыл 57 нысан пайдалануға беріледі", - деп хабарлады ведомстводан.

10 мыңнан астам жас педагог кәсіби қызметіне кіріседі.

Осы жолы бірінші қыркүйек жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен, мектептерде сабақ дүйсенбі, 2 қыркүйекте басталады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді?

Айта кетсек, Білім күні тек Қазақстанда ғана емес, посткеңестік кеңістіктің көптеген елінде – Ресей, Армения, Беларусь, Молдова, Түрікменстан, Украина және тағы басқа мемлекеттерде аталып өтеді.

Жаңалықтар
0