Қоғам

Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысы не үшін ұсталды - тың деректер

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Директордың міндетін орындаушы Дидар Смағұлов Әлімқұловтың ісіне қатысты деректермен бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов әкімшілік-шаруашылық қызметтегі заңбұзушылық үшін ұсталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін орындаушы Дидар Смағұлов хабарлады.

Оның мәліметінше, қазір Әлімқұловтың ісі бойынша тергеу жүріп жатыр, жақын арада сотқа жіберіледі.

"Бұл істің ҰБТ сынағын өткізуге, мұғалімдерді тестілеуге еш қатысы жоқ екенін атап өткім келеді. Тергеу бойынша, жасалды деген барлық жемқорлық қылмыс әкімшілік-шаруашылық қызметке байланысты", - деп хабарлады Смағұлов.

Тағы оқыңыз: Сот залынан шыққан Суханбердиеваның көңілі босап кетті - видео

Әлімқұлов қандай күдікке ілінді?

Бұл жерде қонақүй қызметінің ақысын төлеу кезінде қаражат қымқырылғаны туралы сөз болып отыр.

"Бізге іссапармен адамдар көп келеді, қонақүй қызметінің ақысын орталық төлеген. Тергеудің пайымдауынша, дәл осы процедураларда заңбұзушылық болған", - деп атап өтті Дидар Смағұлов.

Оның айтуынша, Рамазан Әлімқұлов ұсталғаннан кейін қонақтарды қонақүйлерге орналастыру бойынша мердігерлік қызмет Ұлттық тестілеу орталығының қарауынан алынып тасталды.

Тағы оқыңыз: "Намысыма тиеді": тестілеу орталығының жаңа басшысына қандай өтініштер түсіп жатыр?

Келген адамдар өздері қонақүй таңдап, ақысын да өздері төлейді.

Рамазан Әлімқұлов биыл 24 мамырда екі айға қамауға алынды. Алдын ала деректер бойынша, ол жүйелі түрде аса ірі көлемде пара алып отырған.

 

Жаңалықтар
0