Қоғам

ТЖК өрт қаупі жоғары облыстарды атады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владимир Беккер қазақстандықтарға өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер еліміздегі өрт қаупі жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, сәуір айынан бері өрттің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Осы жылдың сәуір айында төтенше жағдайлар департаменті, полиция басқармасы, орман күзеті қызметкерлерінен арнайы топтар құрылды. Олар шөпті қасақана өртеу деректерін анықтау жұмысын жүргізді. Бұл жұмыс сәуір айында оң нәтижесін берді. 3 мыңнан астам рейд жүргізілді. 500 адам заң бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді ол.

Владимир Беккер елімізде құрғақ ауа райы салдарынан өрт қаупі жоғары екенін жеткізді.

Тағы оқыңыз: "Келесі сенсің!" Шөпті өртеп, хат қалдырып жүрген қаскөй бүкіл ауылды үрейде ұстап отыр

 "Өрт шығу деректерінің саны артуда. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында өрт шығу қаупі өте жоғары. Ал бүгіннен бастап Павлодар облысында өрт шығу қаупі өте жоғары – 5-шкаласы белгіленді. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Бізде қауіптілігіне қарай өрт 5 шкалаға бөлінеді", - деді комитет төрағасы.

Сөз соңында ол шаруа қожалықтары мен қарапайым тұрғындарға өрт қауіпсіздігін сақтауға кеңес берді.

Жаңалықтар
0