Қоғам

Арыстағы жарылыс: желіні шулатқан фотоға ТЖК түсініктеме берді

© Photo : Пресс-служба Комитета по чрезвычайным ситуациямХалықты Арыс қаласынан Шымкентке көшіру
Халықты Арыс қаласынан Шымкентке көшіру - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суреттен жас қызметкері тұрғындарды эвакуациялау кезінде қартаң әйелге арқасын тосқанын көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің фотосын әлеуметтік желідегілер қызу талқылап, оң пікір білдіріп жатыр.

Суреттен ТЖК жас қызметкері Арыс қаласының тұрғындарын эвакуациялау кезінде қартаң әйелге арқасын тосып, автокөлікке мінуге көмектескенін көруге болады.

"Инстаграм" желісінде фотоға мыңнан астам пікір жазылып, 56 мың лайк басылған.

Осыған байланысты ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі фотосуретке түсініктеме берді.

"Фотода Шымкент қаласы ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері Абылай Бабаханұлы Бабахан, Бексұлтан Миятұлы  Ибадулла, Үсен  Асқарұлы Қазыбек, Эльдар Владимирович  Қырықбаев әйел адамды машинаға (вахтовкаға) көтеріп мінгізіп жатыр және Арыс қаласынан Шымкент қаласының эвакуациялау пунктіне көшіруде", - деп жазылған хабарламада.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімде өрт шығып, қоймада сақталған оқ-дәрілер жарылды. Салдарынан үш адам көз жұмып, 160-тан астамы дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары түгелдей жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Аталған оқиғаға қатысты "Қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кешке таман Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына ұшып кетті. Мемлекет басшысы жарылысқа кінәлілердің заң жүзінде қатаң жазаланатынын айтты.

25 маусым күні ішкі істер министрінің орынбасары жарылыс тіркелмегенін, бірақ жарылыс қаупі әлі де сақталып отырғанын мәлімдеді. Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен саперлер қала аумағындағы теміржол жолдар мен стансаларды тексеріп жатыр.

Сондай-ақ, жарылыс кезінде жоғалып кеткен балалардың ата-аналарымен қауышқаны хабарланды.

Жаңалықтар
0