Қоғам

"Жәрдемақыға күнелтетіндерге берілмейді": министр 2%-тік ипотеканың шарттарын түсіндірді

© Photo : ming daiЧеловек открывает дверь
Человек открывает дверь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атаулы әлеуметтік көмекке қарап отырған отбасыларға жеңілдетілген ипотека берілмейді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жеңілдетілген баспана кредитінің шарттары туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шілде айынан бастап жеңілдетілген ипотекалық кредиттерді беру басталады. Жылдық мөлшерлемесі - 2 процент, ал алғашқы жарнасы 20 процент көлемінде бекітіліп отыр. Бұл кредиттер 20 жылға беріледі", - деді Скляр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, жеңілдетілген ипотека көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек баласы бар отбасыларға берілетін болады.

"Біздің есебімізге сәйкес, қарыздың көлемі 8-10 миллион теңге болса, ай сайын шамамен 50-60 мың теңге төлеу керек. Негізі, бұл көп ақша емес. Себебі бүгінде дәл осы ақшаға отбасылардың көбісі шағын бөлмелерді жалға алып тұрады. Енді ол ақшаны өз үйлеріне құюға мүмкіндік болады", - дейді Скляр.

Тағы оқыңыз: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз - Сапарбаев

Оның сөзіне қарағанда, аталған бағдарлама Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы іске асады. Ал отбасының төлем қабілетін тексергенде, мемлекеттік жәрдемақылар табыс көзіне жатпайды.

"Атаулы әлеуметтік көмек қана алып отырған отбасыларға жеңілдетілген ипотека берілмейді. Үйде нақты бір табыс көзі болуы қажет. Бір адам болса да, жұмыс істеуі керек", - дейді Скляр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 шілдеден бастап жәрдемақы өседі

Жаңалықтар
0