Қоғам

Дәрігер алма мен алмұрттың ешкім білмейтін қаупін атады

© Sputnik / Тимур БатыршинЯблоки
Яблоки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аллерголог маманның айтуынша, тозаңға аллергиясы бар адамдардың басым бөлігіне алма мен алмұрт та тура солай әсер етеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Алма, алмұрт, дәнегі бар жемістер мен орман жаңғағы тозаңға аллергиясы бар адамдарға қауіпті, себебі бұл өнімдер тоғыспалы аллергия туғызып, ауыз қуысы синдромына шалдықтырады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Тоғыспалы аллергия – молекулаларының құрылысы бойынша ұқсас басқа органикалық заттарға иммундық реакцияның пайда болуы. Бұл реакцияның пайда болу себебі – аллергия туғызушы екі затта (аллерген) бірдей ақуыз молекулаларының болуы. Яғни, адам ағзасы әртүрлі өнімдерді "шатастырып", оларға бірдей реакция танытады", - дейді аллерголог дәрігер Елена Бобрикова.

Тағы оқыңыз: Нанның біз білмейтін қандай зияны бар?

Дәрігердің айтуынша, тоғыспалы аллергендердің көп тараған тобы  - "қайың – алма және басқа дәнегі бар жемістер". Қайың тозаңына аллергиясы бар адамдардың 70 процентіне алма, алмұрт, шие, қара өрік, шабдалы және орман жаңғағы дәл сондай әсер береді. Жаздың басында аллергия маусымының бірінші кезеңі болса, мезгіл аяқталғанда, яғни арам шөптер қаптағанда, адамдардың цитрустар, күнбағыс дәні мен дәрілік шөптерге тоғыспалы аллергиясы қозады.

"Тоғыспалы аллергияның басты белгісі – ауыз қуысының қышуы, тіл мен тамақтың ісінуі – ауыз қуысы синдромы деп аталады. Бұл белгілер тамақ ішкенде аяқ асты басталып, біраздан соң басылып кетеді. Кейде реакция әрі қарай ұласып, шұғыл медициналық көмек қажет болуы мүмкін, - деп атап өтті аллерголог.

Бұдан бөлек аллергия қоздырушы азық-түлікке экзотикалық көкөністер мен жемістер жатады. Сонымен бірге қызыл және қызыл сары түсті жеміс-жидектерді байқап жеген дұрыс – мандарин, апельсин, құлпынай, жүзім.

Дәрігердің ақыл-кеңесіне сүйенсек, аллергияның алғашқы белгілері пайда болған соң, аллергия туғызған өнімді жеуді тоқтатып, жанама эффектісі төмен антигистаминді дәрі-дәрмек ішкен жөн.

Тағы оқыңыз: Ас тұзының тағы бір қаупі белгілі болды

"Дәрігерге қаралу қажет екенін білдіретін белгілер: терінің қызарып немесе бөртіп кетуі, қышу, көзден жас ағу, мұрынның бітелуі; тыныстың тарылуы, кеуденің сырылдауы; бет-ауыз, мойын және қолдың тез ісініп кетуі", - деп ескертті аллерголог.

Артериялық қан қысымы күрт төмендеп, жоғарыда аталған белгілер байқалса, бірден жедел жәрдем шақырып, шұғыл медициналық көмек алу керек, дейді дәрігер. Бобрикованың айтуынша, мұндай симптомдар өлімге әкеп соғуы да әбден мүмкін.

Жаңалықтар
0