Қоғам

"Мына қамшыны бастықтарға көрсету керек" – Елбасының сирек видеосы жарияланды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ескі кадрларда ақсақалдар Назарбаевқа бата беріп, қамшы сыйлап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Президенттің телерадио кешені Instagram желісінде Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сирек видеосын жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Президент Телерадиокешені (@ptrk.kz)

Видеода 90 жылдардың басында Елбасының өңірлерді алғаш рет аралап жүрген кезі түсірілген. Ақсақалдармен кездесу барысында жергілікті қариялар тұңғыш президент Назарбаевқа бата беріп жатыр.

"Батаменен ел көгерер" демекші, бата беру дәстүрі - баға жетпес құндылығымыз және дәстүріміз. Сондай ізгі және мағынасы зор баталардың бірі – мемлекет басшына берілетін бата", - деп жазады президенттің телерадио кешені архив видеоның астына.

Кадрларда ақсақалдардың Елбасыға қамшы сыйлап жатқан сәті де бар.

"Қамшыны көрген кезде, бізді есіңізге ала жүріңіз", - дейді қарттардың бірі.

Тағы оқыңыз: Назарбаев отставкасы туралы: өзім де таңғалдым

Назарбаев жергілікті билік өкілдеріне көрсету керек деп жауап береді.

"Мына қамшыны аудан бастығына, совхоз бастығына көрсетіп қою керек екен анда-санда. Облыс басшынан бастап... Тәртіп болмаса, болмайды деген сөз ғой", - дейді тұңғыш президент әзіл-шыны аралас.

Жаңалықтар
0