Қоғам

Тұрғымбаев тәулігіне 15 сағат жұмыс істейтінін айтты

© Photo : пресс-служба МВД РКІшкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр заң бойынша жұмыс 8 сағат болғанмен, кешкі сағат 22:30-ға дейін жұмыс істеуге тура келетінін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жұмысқа таңертең ерте келіп, кеш қайтатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр есеп беру кездесуінде студент жігіттің сұрағына жауап берді.

"Мен студентпін. Қазір тәжірибеден өтіп жүрмін. Сол жерде байқағаным, құқық саласында жүрген қызметкерлер заң бойынша 8 сағат болғанмен күніне 14-15 сағат жұмыс істейді. Егер мен болашақта жұмыс істесем, дәл солай 14-15 сағат істеймін бе? Заң бойынша 8 сағат қой. Болашақта жұмыс уақытын өзгерту ойларыңызда жоқ па? Әлде солай қала бере ме?", - деп сұрады студент. 

Осы кезде залда отырған құқық қорғаушылардың барлығы қол шапалақтай бастады. Ал министр Тұрғымбаев күліп, өз жауабын айтты.

Тағы оқыңыз: Тұрғымбаев 1 шілдеден полицейлердің жалақысы өсетінін айтты

"Енді, тікелей айтсам, заң бойынша 8 сағат жұмыс істеу керек. Бірақ өзім жұмысқа таңертең 7:30-да келемін, жұмыстан 22:30-да кетемін. Мен – министрмін. Енді, қазіргі жағдай қиын. Мемлекетте қылмыспен күресу керек. Ал 8 сағаттан кейін кетсек, қылмыспен кім күреседі? Сондықтан өзің осы салада жұмыс істегің келсе, ойлану керек", - деп атап көрсетті Тұрғымбаев.

Жаңалықтар
0