Қоғам

Бас прокуратура митингіге шығатындарға ескерту жасады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтандағы заңсыз митинг
Нұр-Сұлтандағы заңсыз митинг - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратура Қазақстан азаматтарын заңды сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар адамдарға қолданыстағы заң аясында қылмыстық жауапкершілікке дейін, ең қатаң шаралар қолданылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін, бас прокуратура заңсыз митингтер, шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтінін түсіндірген еді.

Тағы оқыңыз: Қазақстан қалаларындағы митингілер – ІІМ оқиға орнынан видео жариялады

"Осыған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында жұртты арандатып, осындай акциялар өткізуге шақырып жатыр. Құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты бас прокуратура заңды сақтауға, рұқсат етілмеген шерулерге қатыспауға шақырады.

"Заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар адамдарға, қолданыстағы заң аясында қылмыстық жауапкершілікке дейін, ең қатаң шаралар қолданылатын болады", - деп ескертті ведомство.

Айта кетсек, 9-10 маусымда өткен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митинг өтті. Екі күннің ішінде ішкі істер органдары барлығы 700-ге жуық адамды ұстады.

Митингілер болған бірінші күні 500 адам ұсталған еді. Оның ішінде 400 адам жауапкершілікке тартылды. Ал екінші күні, шамамен 200 адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Олардың арасында 150-ге тарта адам жауапқа тартылды.

Жаңалықтар
0