Қоғам

"Ринатты көрсетуге тура келді": ІІМ Зайытовты не үшін ұстағанын түсіндірді

© Altaynews-kz / Ринат ЗайытовРинат Зайытов, айтыскер ақын
Ринат Зайытов, айтыскер ақын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция Ринат Зайытовты ұстағаннан кейін бір топ жас тағы жиналып, ақынды босатуды талап еткен

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым — Sputnik. Ішкі істер министрлігі ақын Ринат Зайытовтың ұсталған сәті көрініс тапқан видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, кеше адамдар Алматы-Аренаның қасында жиналып, заңсыз митинг өткізген. Олардың арасында ақын Ринат Зайытов та болды.

"Әкімдік қызметкерлері оларға ескерту жасады. Прокуратура да түсіндіру жұмысын жүргізді. Алайда адамдар тарамады. Осыған байланысты оларды ұстап, ішкі істер органдарына жеткізуге шешім қабылданды. Түсіндіру жұмыстарынан кейін барлығы дерлік үйіне кетті. Ринат Зайытов та босатылды", - деді Қожаев журналистерге берген сұхбатында.

Ол Ринат Зайытовты ұстағаннан кейін бір топ жас тағы жиналып, ақынды босатуды талап еткенін айтты.

"Бірақ ол кезде Ринат Зайытов үйінде болған. Себебі біз оны көп ұстаған жоқпыз. Содан Ринатты қайтадан сол жерге апарып, босатқанымызды көрсетуге тура келді. Сонда тағы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бірақ ол адамдар тараудың орнына Алматы көшелерімен жүріп кетті", - дейді Қожаев.

Тағы оқыңыз: Министрлік митинг кезінде журналистің соққыға жығылғанын растады

Алматының жастары екі орталық көшемен Сайран вокзалына дейін барған. Сол жерде журналист те соққыға жығылған.

"Алайда оның журналист екенін көрсететін ешқандай белгісі болмаған. Заңсыз жиынды күштеу әдісімен басу кезінде журналист ұсталған адамдарға тым жақын жүрді. Оның үстінде бейдж де, жилет те болмаған. Иә, оны ұстады. Бірақ журналист екенін білгеннен кейін босатты. Мен ішкі істер министрлігінің атынан кешірім сұраймын. Бірақ журналистің де кінәсі бар. Жеке құрам оның кім екенін анық көруі керек", - деп атап көрсетті Қожаев.

Жаңалықтар
0