Қоғам

Президент сайлауы: қазақстандықтардың 65,9%-і дауыс берді

Избиратели на внеочередных выборах президента на участке №58 в г. Нур-Султане
Избиратели на внеочередных выборах президента на участке №58 в г. Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар республика бойынша ашылған он мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 16:00-дағы жағдай бойынша қазақстандықтардың 65,9%-і дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның ішінде:

  • Ақмола облысы бойынша – 75,54%
  • Ақтөбе облысы – 79,7 %
  • Алматы облысы – 78,9 %
  • Атырау облысы – 64,9 %
  • Шығыс Қазақстан облысы – 69,8%
  • Жамбыл облысы бойынша – 71,8%
  • Батыс Қазақстан облысы – 59,8%
  • Қарағанды облысы – 63,1%
  • Қызылорда облысы – 64,5%
  • Қостанай облысы – 69,7%
  • Маңғыстау облысы – 60,03%
  • Павлодар облысы – 67,9%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 68,3%
  • Түркістан облысы – 70%
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 49,6%
  • Алматы қаласы – 45,7%
  • Шымкент қаласы – 55,6%.

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8%-і сайлау бюллетенін алды.

Ал 2015 жылы 26 сәуірде өткен президент сайлауында сағат 16:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлаушылардың 82,11%-і дауыс берген.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды - видео

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.

Президент сайлауы қалай өтіп жатыр

Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады
Президент сайлауы: қазақстандықтардың 65,9%-і дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр. 

Президенттікке үміткерлер

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 
Жаңалықтар
0