Қоғам

Құлпынай жемеген жөн: дәрігерлер пайдалы жидектерді атады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуҚұлпынай
Құлпынай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар қандай жидектің адам денсаулығы үшін пайдалы екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым — Sputnik. Дәрігерлер қандай жидекті жеп, қандай  түрінен бас тарту керектігі туралы ақпаратпен бөлісті.

Пайдалы жидектер

Адам үшін ең пайдалы жидектердің тізімін итбүлдірген мен көкжидек бастап тұр, деп хабарлайды РИА Новости. Олардың артықшылығы – химиясыз, табиғи жолмен өсуінде.

© Photo : СС0 / Per JensenИтбүлдірген, қызылжидек
Құлпынай жемеген жөн: дәрігерлер пайдалы жидектерді атады - Sputnik Қазақстан
Итбүлдірген, қызылжидек

Итбүлдірген мен көкжидек құрамындағы флавоноид мөлшері бойынша да көш бастап тұр. Бұл адам ағзасындағы ферменттердің жұмысын күшейтеді.

Алайда бәрі сүйіп жейтін құлпынай пайдасы ең аз жидектердің бірі болып шықты. Өйткені бұл жидекті өсіру кезінде химиялық тыңайтқыштар қолданылады.

Жидектің қандай пайдасы бар

Жидек фолий қышқылы, магний, мыс , силен, С  дәрумені сынды микроэлементтерге бай. Бұл заттар жүрек-қантамыр және жүйке жүйесінің жұмысына оң әсерін тигізеді. Иммунитетті жақсартып, қартаю процесін баяулатады.

© Photo : СС0 / congerdesignКөкжидек
Құлпынай жемеген жөн: дәрігерлер пайдалы жидектерді атады - Sputnik Қазақстан
Көкжидек

Сондай-ақ, қант диабетіне шалдыққандарға жидек жеуге рұқсат етіледі. Себебі жидектің гликемиялық индексі, яғни қандағы глюкоза деңгейін арттыруы өте төмен, дейді диетологтар.

Жидек асқазанның микрофлорасын жақсартады. Оның пайдасын барынша арттыру үшін жидектің тек бір түрін ғана жеумен шектелмеу керек. Дәрігерлердің айтуынша, оларды араластырып жеген кезде денсаулыққа тигізетін пайдасы әлдеқайда арта түседі.

Күніне қанша жидек жеу керек

Мамандар күніне 100-120 грамм жидек жеуге кеңес береді. Олардың дәрумендері ағзаға әсер етуі үшін аптасына, кем дегенде, үш рет жеген жөн.

Кімге жидек жеуге болмайды

Алайда кешке жидек жеуден бас тартқан дұрыс. Өйткені ол қарын аштырады. Асқазан, ішек аурулары, панкреатит, гастрит, асқазанның ойық жарасы бар адамдарға  да жидектен бас тартуға кеңес берілді.

Жаңалықтар
0