Қоғам

Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

© SputnikМечеть "Хазрет Султан" в Астане
Мечеть Хазрет Султан в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Рамазан айының аяқталуы күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Ораза Айт мейрамын қалай қарсы алған жөн? 

Президент өз құттықтауында адамгершілікке, мейірім мен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті Рамазан айының аяқталуы күллі мұсылман үмбеті үшін маңызды мереке екенін атап өтті. 

"Ораза айт күндері әр мұсылман туған-туыстары мен бауырларына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, өзінің рухани дамуына зор мән береді. Ізгі ойлар мен игі істер өзара түсіністік пен келісімге бастайды, адамдарды ортақ мақсат-мүддеге жетелейді", - деді Тоқаев. 

Оның пікірінше, Қазақстан – бейбіт өмір мен жасампаздықтың мекені. Өзге діни сенімдерге құрмет, толеранттылық пен адамгершілік құндылықтар – халқымызға тән игі қасиеттер.

"Ислам ілімі Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық дәстүрге берік қоғамымыздың рухани жаңғыру идеясына толық сай келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке тілеймін! Ораза айт құтты болсын!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.  

Жаңалықтар
0