Қоғам

Тимур Бекмамбетов Comic Con фестиваліне қатысу үшін елордаға ұшып келді – фото

© Sputnik / Лев РыжковТимур Бекмамбетов
Тимур Бекмамбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенбіде фестивалге 23 мың адам келді, 2 маусым – Comic Con Astana-ның соңғы күні  

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым — Sputnik. Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов жары Натальямен бірге Қзақстанның астанасында өтіп жатқан Comic Con Astana фестиваліне келді.

"Бізде, Comic Con Astana-да ерекше қонақ – атақты режиссер, сценарист және продюсер Тимур Бекмамбетов", - деп жазылған фестивалдің Facebook-тегі ресми аккаунтында.

Бекмамбетов "Шолғыншы", "Тағдыр тәлкегі. Жалғасы", "Аса қауіпті", "Авраам Линкольн: вампирлердің аңшысы", "Шыршалар" және тағы басқа фильмдер түсірген.

Бекмамбетов Instagram-дағы аккаунтында қазақтың ұлттық тағамы – еттің суретін жариялады. 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Timur Bekmambetov (@bekmambetovtimur)

Таяуда БАҚ режиссердің ауыр дертке ұшырағаны жайлы ақпарат таратты. Кейінірек Тимур Бекмамбетовтың ресми өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

Comic Con Astana фестивалі несімен қызықты

Comic Con Astana фестивалі Нұр-Сұлтанда 31 мамырда басталды, бүгін – соңғы күні. Comic Con ашылуына он мыңнан астам, сенбі күні 23 мың адам келді.

© Photo : предоставлено организаторами фестиваля Comic ConСуретшілер косплей қатысушысына грим жағып жатыр
Тимур Бекмамбетов Comic Con фестиваліне қатысу үшін елордаға ұшып келді – фото - Sputnik Қазақстан
Суретшілер косплей қатысушысына грим жағып жатыр

Мұнда бірнеше тақырыптық аймақ: комикстер павильоны, кинопавильон, негізгі сахна, қолтаңба-сессия залы, үстел ойындары павильоны және киберспорт аймағы қарастырылған. Холда әйгілі халықаралық студиялардың алаңдары орналасқан, онда сіз комикстер, телехикаялар және компьютерлік ойындардағы сүйікті кейіпкерлеріңізді кездестіре аласыз. Мұнда косплей (костюм кию ойыны - агенттік ескерт.) конкурсы да ұйымдастырылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от comicconastana (@comicconastana)

Фестивальге сондай-ақ "Тақтар ойыны" сериалындағы Эурон Грейджойдың  рөлін сомдаған танымал актер Пилу Асбек те келді.

Sputnik Қазақстан Comic Con Astana фестивалінің ақпараттық серіктесі болды.

Жаңалықтар
0