Қоғам

Тоқаев Жазушылар одағының басшысын қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ұлттық рухани әлеуетті ілгерілетуде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұлықбек Есдәулет мемлекет басшысына әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев биліктің кімге мұраға қалатынын айтты

Сонымен қатар, Жазушылар одағының төрағасы биыл Қазақстанда өтетін Азия елдері қаламгерлерінің форумына дайындық барысы туралы баяндаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық рухани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазушылар қауымы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

© Photo : Ақорда баспасөз қызметіҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет
Тоқаев Жазушылар одағының басшысын қабылдады - Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет

Сөз соңында президент Жазушылар одағының жұмысына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығармашылық табыс тіледі.

Тағы оқыңыз: Тоқаев туралы қызықты деректер: руы, отбасы, білімі, еңбек жолы

Жаңалықтар
0