Қоғам

Бас санитарлық дәрігер кімдерге ораза ұстауға болмайтынын айтты

© Photo : Служба центральных коммуникацийЖандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бекшин қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдыққан, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин Рамазан айында кімдерге ораза ұстамауға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"20 сағат бойы ас-сусыз жүру өте қиын. Сондықтан жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, қариялар мен жеті жасқа толмаған балалар, әскери адамдарға ораза ұстамауына болады", - деді Бекшин орталық коммуникациялар қызметінде Рамазан айына қатысты өткен баспасөз мәслихатында.

Қасиетті айда ораза ұстайтын адамға берілетін 5 қасиет

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер қант диабеті, гипертония, миокард инфарктісіне шалдыққан, инсульт алған адамдарға ауыз бекітпеуге кеңес берді. Вирусты гепатит, созылмалы ішек аурулары, асқазан жарасы, гастриті бар адамдарға да ораза ұстамауына болады.

"Мұндай кезде азаматтар міндетті түрде дәрігерімен кеңесуі керек. Дәрігер рұқсат берсе, сонда ғана ораза ұстауға болады", - деді Бекшин.

Ол бір ай бойы ауыз бекітетін мұсылмандарға 8-10 стақан су ішуге кеңес берді.

"Неге десеңіз, су ішкен кезде, адам шөлдемейді. Сосын тәтті газдалған сусындарды бір ай бойы ұмыту керек. Тұздалған тағамдарды азайтқан жөн. Сонда ораза жеңіл өтеді", - деді бас санитарлық дәрігер.

Рамазан айы қашан аяқталады?

Мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз.

Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусымда Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.

Биылғы пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

Жаңалықтар
0