Қоғам

Бас мүфти: "халал" түсінігі модаға айналып кетті

© Максим БогодвидХалал өнім
Халал өнім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың "халал" түсінігі тек азық-түлік өнімдеріне қатысты қолданылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз халал өнімдерге қатысты келеңсіз жайттардың көбейіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы "халал" сөзі мұсылман термині екенін атап өтті.

"Менің ойымша, "халал" термині тағамның тазалығына байланысты қолданылады. Қазір Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанында халал өнімдерді стандарттау және сертификаттау арнайы бөлімі мен үлкен кәсіпорын жұмыс істейді", - дейді Серікбай қажы Ораз.

Тағы оқыңыз: Арақсыз тойды халал деу қиын – дінтанушы

Оның айтуынша, елімізде халал сертификаттарын беретін 1 мыңнан астам кәсіпорын бар.

Сондай-ақ, бас мүфти халал өнімдерге қатысты келеңсіз жайттарды атады.

"Халал" түсінігі кейбір адамдар үшін модаға айналып кеткен сияқты. Бір азамат елге визитка таратып жүр. Өзін "халал адвокатпын" дейді. Оны қалай түсінеміз? Тегін жұмыс істейсіз бе, сіздің басқа адвокаттардан қандай айырмашылығыңыз бар" деп сұрадым. "Халал" термині бірінші кезекте азық-түлікке қатысты. Енді бір азамат "халал СТО" деп жазып қойыпты. Ол халал болса, халық бара бере ме? Тіпті, біреу суға "халал" деп жазыпты. Суға ешкім халал сертификатын бере алмайды. Судың халал мәселесіне қатысы жоқ. Айта берсек, келеңсіз жағдайлар көп", - деді Серікбай қажы Ораз.

Тағы оқыңыз: Неке қиюға өтінішті "Astana iMuslim" арқылы беруге болады

Сондай-ақ, ол халал өнімдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау орындарында тексерістен өтетінін айтты.

"Тұрмыстық заттардың халалға ешқандай қатысы жоқ. "Халал" түсінігі терең зерттеуді талап ететін сала", - деп түйіндеді сөзін бас мүфти.

Жаңалықтар
0