Қоғам

Бас мүфти қандай жағдайда оразаның сауабы болмайтынын айтты

© SputnikӘзірет Сұлтан мешіті
Әзірет Сұлтан мешіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас мүфти оразаны арықтау үшін емес, Алланың ризалығы үшін ұстау керек екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз оразаны арықтау үшін емес, Алланың ризалығы үшін ұстау керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте Бас мүфти оразаның шарттары туралы айтты.

Тағы оқыңыз: Бас мүфти Рамазан айына байланысты халыққа үндеу жасады

"Денсаулыққа пайдалы екен. Бір ай ораза ұстасам, ішім тазарып, жақсы болып қалады" деген оймен ораза ұстауға болмайды. Ондай адамға сауап жоқ. Бәлкім адамның ағзасына белгілі бір деңгейде оразаның пайдасы тиетін шығар. Бірақ ол Аллаға құлшылық жасап жатқан жоқ. Онда адам тек жеке басының мәселесін ойлап тұр", - деді Бас мүфти Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен брифингте.

Серікбай қажы Ораздың айтуынша, қасиетті Рамазан айында мұсылман Алланың ризашылығы үшін ауыз бекітуі керек.

"Рамазан айында мұсылман таза ниет, кіршіксіз пейілмен құлшылық еткенде ғана адамның азғасына оразаның пайдасы тиеді. Адам рухани байиды", - дейді Бас мүфти.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы биыл Рамазан 30 күнге созылатынын, осы уақыт аралығында азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Жаңалықтар
0