Қоғам

Нұр-Сұлтанда қазақстандық-кореялық халықаралық ІТ орталық ашылады

© Sputnik / Медина КураковаНұр-Сұлтан қаласы
Нұр-Сұлтан қаласы - Sputnik Қазақстан
Жазылу

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық ІТ орталық ашылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездесуінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тоқаев Қазақстан Корея технологияларына ерекше қызығушылық танытатынын атап өтті.

"Бұл бағыттағы маңызды қадам Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық-оңтүстіккореялық халықаралық ІТ-орталығының ашылуы болмақ", - деді мемлекет басшысы Ақордада бірлескен мәлімдеме жасау барысында.

Тоқаев Оңтүстік Корея президентімен жүргізілген келіссөздерде сауда-экономика саласындағы перспективалар талқыланғанын айтты. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның "Самал" жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасында көрініс тапқан.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Оңтүстік Корея президентіне тарту жасады

"Бүгінде біздің елдер түрлі салаларда, соның ішінде құрылыс, көлік құрастыру, қаржы секторы, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Корея бизнесінің бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға қызығушылық танытқаны қуантады", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан аумағында 500-ден аса Қазақстан-Оңтүстік Корея бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді.

"Болашақта олардың саны тағы да артады деп ойлаймын", -деді Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Қазақстан Оңтүстік Корея батырларының сүйегін еліне қайтарды

Сонымен қатар, ел президенті инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде жаңа жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторларға қолдау күшейтілетінін атап өтті.

Айта кетсек, кеше Корея республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Қазақстан астанасына келген еді. Бұл Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға алғашқы сапары. Сапар аясында Мун Чжэ Ин Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Қазақстан-Корея бизнес форумына қатыспақ.

Жаңалықтар
0