Қоғам

"Бәсекеге айналды" Министр түлектердің кеші туралы не ойлайтынын ашық айтты

© // Еркен СалиховТүлектер, архивтегі сурет
Түлектер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күләш Шәмшидинова мектеп бітіру кешіне артық ақша шашудың қажеті жоқ екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Түлектердің мектеп бітіру кеші тек мектеп аумағында өтуі тиіс. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ақша ұстап тұрған адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрі 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

"Бұл мәселе жыл сайын көтеріледі. Бұрыннан келе жатқан жақсы бір дәстүр бар: түлектердің кештері мектеп аумағында өтеді. Онда мұғалім мен оқушы, түлектер арасында шынайы, емен-жарқын әңгіме болады. Бірақ, өкінішке қарай, соңғы кезде мектеп бітіру кештері бәсекеге айналды", - дейді министр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Шәмшидинованың пікірінше, түлектердің кеші тек мектеп қабырғасында өтуі тиіс және оған артық ақша шашудың еш қажеті жоқ. Сонымен қатар, ол ең бастысы ата-аналар мен мектеп басшылығы балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуы керек екенін атап өтті. 

Тағы оқыңыз: Спортшыларды тестілеуден босату ұсынылды

"Сондықтан біз кешті тек мектеп аумағында өткізу қажет деп санаймыз. Аста-төк той жасаудың қажеті жоқ, қымбат көйлек те ешкімге керек емес. Мектеп бітіру кеші сәнді киімдерін көрсетіп, бір-бірімен жарысу үшін жасалмайды. Балалар мен ата-аналардың жанға жылу сыйлайтын кездесуі болуы тиіс", - деп санайды білім министрі.

Жаңалықтар
0