Қоғам

Сарымсақты көп жесе, не болады – ғалымдар жауап берді

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуСарымсақ
Сарымсақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарымсақты күнделікті тамаққа пайдалану ішек микрофлорасын жақсартады

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Луисвилл университетінің ғалымдары сарымсақты көп жесе, не болады деген сұраққа жауап берді. Зерттеу барысында анықталғандай, сарымсақ қартайған сайын мида пайда болатын өзгерістердің алдын алып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Бұл мақала Eurekalert басылымында жарияланған.

шай фестивалі - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар қандай шайдың адам өмірін ұзартатынын анықтады

"Сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді", - дейді тәжірибенің авторы, доктор Джиортимий Бехер.

Ішек микрофлорасының маңыздылығы микробиологтарға баяғыдан белгілі, бірақ оның есте сақтау қабілетіне қалай әсер ететінін көп ешкім айта бермейді. Жас ұлғайған сайын ішек микробиотының түрі азайып кетеді, ал бұл ағзаның ойлау қызметімен тікелей байланысты.

2 жасар тышқандарға жасалған тәжірибе кезінде олардың тамағына аллил сульфид қосқан. Кейін басқа кеміргіштермен салыстырғанда, олардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті жақсарғаны анықталды.

Жаңалықтар
0