Қоғам

"Табиғи әрі дұрыс процесс" Ресей елшісі қазақ тілі туралы ойын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневРесейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин
Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бородавкиннің пікірінше, латын әліпбиіне көшу – Қазақстанның ішкі шаруасы

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Қазақстанда қазақ тілі позициясының күшеюі – қалыпты құбылыс деп санайды.

РФ-ның Қазақстандағы төтенше әрі өкілетті елшісі Алексей Бородавкин - Sputnik Қазақстан
Ресей елшісі: Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының болашағы зор
Оның пікірінше, тіл, тарих, мәдениет – Қазақстан халқы біртектілігінің элементтері.

"Қазақстанда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейіп барады деп алаңдайтындарды түсінбеймін: бұл табиғи әрі дұрыс процесс. Бірақ, бұл орыс тілінің позициясы әдейі бәсеңдетіліп немесе шек қойылып жатыр дегенді білдірмейді. Мәселен, нақты мысал келтірейін. Ел басшылығы орыс тілінде сөйлейді, тек өз араларында ғана емес, Қазақстан халқына үндеу жасаған кезде де", - дейді дипломат  "Россия 24" телеарнасына берген сұқбатында.

Сондай-ақ, ол латын әліпбиіне көшу мен қазақстандық банкноттарда жазбаның тек қазақ тілінде жазылуы Қазақстанның ішкі шаруасы деп санайды.

Тағы оқыңыз: Теңгеге өзгеріс енгізілді

"Қазақстан егемен ел екенін естен шығармау керек. Сондықтан банкноттарда жазба мәтіні қазақ тілінде емес, басқа тілде болса, бұл қызық болар еді. Дегенмен біз, қазақстандық достарымызбен бірлесіп, орыс тілінің Қазақстан игілігі болып қала беруін, оның мәдениеті мен интеллектуалды әлеуетін байыта беруі жолында аянбай еңбек етеміз", - дейді Бородавкин.

Жаңалықтар
0