20:49 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
325 0 0

Сенатор 26 наурызда елордада болған ірі жол апатына байланысты үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Георгий Ким жолаушылар тасымалын, сондай-ақ техникалық және медициналық тексерістерді жүзеге асыратын шағын және орта бизнес өкілдерінің жауапкершілігін күшейтуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдамас бұрын Георгий Ким Нұр-Сұлтандағы жол апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі көліктің техникалық тексерісімен және жүргізушінің медициналық тексерісімен қамтамасыз етіледі", - деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Айтуынша, автокөліктің техникалық тексерісін шағын және орта бизнес өкілдері жүргізеді. Олар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығына сәйкес операторлар реестріне қосылған. Ал медициналық тексеріске дәл сол шағын және орта бизнес өкілдері жалдаған медициналық қызметкерлер жауапты.

"Адамдардың көбі жолаушылар автобусымен жүретінін ескеріп, жолаушылар тасымалын, сондай-ақ, техникалық және медициналық тексерістерді жүзеге асыратын шағын және орта бизнес өкілдерін бақылау мен олардың жауапкершілігін күшейту қажет деп санаймын", - деді Ким.

Еске сала кетсек, 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш автобус соқтығысып, бірнеше автокөлікке, соның ішінде жедел жәрдем көлігіне де зақым келді. Апат салдарынан 1966 жылы туған автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы көз жұмды. 27 адам зардап шеккен.

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео
Нұр-Сұлтандағы апат: көз жұмған жалғызбасты ананың артында бір баласы қалды
Нұр-Сұлтандағы апат: қаза тапқан автобус жүргізушісі туралы мәлімет жарияланды
Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: дәрігерлер зардап шеккен жолаушының аяғын кесті
"Мұндайға жол бермес еді" - Нұр-Сұлтандағы апаттан қаза болған жүргізушінің әріптестері
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік апат: Филиппин азаматы хал үстінде жатыр
Кілт сөздер:
депутаттық сауал, апат, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып