Қоғам

Төреғали Төреәлінің төртінші перзенті дүниеге келді

Жазылу
Әншінің отбасында үш қыздан кейін ұл дүниеге келді

АСТАНА, 4 наурыз – Sputnik. Танымал әнші Төреғали Төреәлі ұлды болды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің өзі хабарлады. 

Төреғали Төреәлі инстаграм желісіндегі жеке парақшасында ұлды болғанын айтып, жұрттан сүйінші сұрады: 

"Үш қыздан соң Құдайым ұл беріпті,
Қалсын деп артымыздан жалғанып із.
Сансыз шүкір, мақтау мен мадақ болсын,
Қалайша ұмытайық Алланы біз!
Барған жерде ұлды бол деп жатушы ед,
Ақ бата беріп кемпір, шалдарымыз.
Сол елдің ақ тілегі қабыл болып,
Мінекей орындалды арманымыз.
Халайық баршаңызға раxмет,
Недеген жайдары еді жандарыңыз.
Алақайлап сүйінші сұрап тұрмын
Бұл себебі сіздердің балдарыңыз!!!"

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Айта кетсек, Төреғалидің Томирис, Тоғжан, Фатима есімді үш қызы бар.
Жаңалықтар
0