Қоғам

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы болып тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневБакытжан Сагинтаев
Бакытжан Сагинтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21 ақпан күні президент Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберген еді

АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстан президентінің жарлығымен Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын", - делінген президент қол қойған жарлықта.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 ақпан күні республиканың оныншы премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберді.

Премьер-министр Республики Казахстан Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Саясат
Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды
Президенттің пікірінше, Үкімет мүшелері, министрлер, әкімдер халықпен жұмыс істей алмады, сондай-ақ жұртшылықтың проблемаларына құлақ асып, атқарылып жатқан істер мен саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шамасы келмеді.

25 ақпан күні премьер-министр лауазымына Асқар Мамин тағайындалды.

Бақытжан Сағынтаев туралы не білеміз?

Бақытжан Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келді. Ұлы жүздің Ошақты руынан болады.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.

Әр жылдары премьер-министрі кеңсесінің жетекшісі, Павлодар облысының әкімі, экономикалық даму және сауда министрі, өңірлік даму министрі, үкімет басшысының бірінші орынбасары, "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2016 жылдың 10 қыркүйегінен 2019 жылдың 25 ақпанына дейін Қазақстан премьер-министрі болды.

Жаңалықтар
0