Қоғам

Қазақстанда бірқатар мемлекеттік органның сайты істен шығады

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуПодросток за компьютером, архивное фото
Подросток за компьютером, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күндері 13 мемлекеттік органның ресми сайты бірнеше сағат бойы жұмыс істемейді

АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ 13 мемлекеттік ұйым мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты интернет қолданушылары үшін уақытша қолжетімсіз болатынын хабарлады.

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурсының істен шығуына телекоммуникациялық жабдықта жоспардан тыс жүргізілетін жұмыс себеп болып отыр.

Ресми сайттар бүгін кешкі 21:00-ден ертең түскі сағат  13:00-ге дейін жұмыс істемейді.

Осыған байланысты төмендегі интернет-ресурстар уақытша істен шығады:

  • "Электронды үкімет" порталы;
  • "Мобильді үкімет" қосымшасы;
  • "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры;
  • "Тауарларды таңбалау" сервистік бағдарламалық өнімі;
  • "Монополист" базасы сервистік бағдарламалық өнімі;
  • Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты;
  • Қазақстан Республикасы конституциялық кеңесінің сайты.
Жаңалықтар
0