Қоғам

Тұрмысы төмен және толық емес отбасыға мемлекет қандай көмек көрсетеді?

© Sputnik / Владислав ВодневДеньги в руках ребенка, архивное фото
Деньги в руках ребенка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасында еңбекке жарамсыз адам болған жағдайда жұмыссыз анаға 25 541 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Қазақстанда тұрмысы нашар және толық емес отбасылар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілген. 

Толық емес отбасыға жесір әйел, ажырасқан және жалғыз басты аналар кіреді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бала мен ана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Көпбалалы отбасылар: мемлекеттен қандай жеңілдіктер мен жәрдемақы бар
Бірінші кезекте бала туғанда 95 950 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы беріледі. Отбасында 4-ші және одан кейінгі бала дүниеге келгенде 159 075 теңге біржолғы жәрдемақы төленеді. Одан бөлек, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша: 1-ші балаға – 14 544 теңге, 2-ші балаға – 17 196 теңге, 3-ші балаға – 19 822 теңге, 4-ші балаға – 22 473 теңге көлеміндегі жәрдемақы қарастырылған.

Сондай-ақ, аталған санаттағы отбасы үшін ай сайын адам басына 15 498 теңге әлеуметтік қолдау төлемі беріледі және "Толық емес отбасы" санаты бойынша баспана кезегіне тұру мүмкіндігі бар. Одан бөлек, асыраушысынан айырылған жағдайда арнайы жәрдемақымен қамтылады.

Сенатор әр балаға 21 250 теңге көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды

Отбасындағы еңбекке жарамсыз 1 адамы бар жұмыссыз анаға баласы 8 жасқа толғанша 25 541 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді. Егер отбасында 2 адам еңбекке жарамсыз болса - 44 251 теңге, 3 адам болса - 54 942 теңге, 4 адам болса - 58 209 теңге, 5 адам болса - 60 287 теңге, 6 және одан да көп болған жағдайда 62 663 теңге беріледі.

Сонымен қатар, "Алтын алқа" иесіне (7 және одан да көп бала) - 16 160 теңге, "Күміс алқа" иесіне (6 бала) - 16 160 теңге және 4-5 баласы бар анаға 10 504 теңге (01.01.2018 жылға дейін рәсімделген жағдайда) көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Жаңалықтар
0