Қоғам

Қажылық-2019: Қазақстанға қанша квота бөлінді

© REUTERS / Zohra BensemraМекке
Мекке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан делегациясы жуырда қажылық маусымын ұйымдастыруға арналған жиынға қатысты

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. 2019 жылы үш мыңнан астам қазақстандық қажылыққа бара алады. Қажылыққа барушыларға наиб мүфти бастаған қажылық миссиясы көмектеседі, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар үлкен қажылыққа аттанып барады, 2018 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Умра-2018: Қазақстанда қажылыққа бару бағасы мен шарттары қандай?

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі Қазақстанға 3 200 орын бөлді.

ҚМДБ төрағасы Серікбай Ораз бастаған Қазақстан делегациясы осы жылы қажылық ұйымдастыруға арналған жиынға қатысты.

Әзірге 2019 жылы қажылықтың қай күндері аралығында болатыны белгісіз.

Өткен жылы Қазақстанға үш мың, 2017 жылы 2 500 квота бөлген болатын.

Тағы оқыңыз: 

Қажылық дегеніміз — мұсылман қауымның Меккеге сапары және бес парызының бірі.

Жаңалықтар
0