Қоғам

Астаналықтар таяқ жеп жатқан әйелге араша түспей, жайбарақат қарап тұрды – видео

© Sputnik / Табылды КадырбековТұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото
Тұрмыстық зорлық-зомбылық, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада әйел жұрттың көз алдында соққыға жығылды, алайда жәбірленушіге ешкім көмекке келмеді

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Астаналық полицейлер көшеде жүргіншілердің көз алдында әйелді ұрып-соққан ер адамды ұстады. Соққыға жығу фактісін бейнебақылау камерасы түсіріп алған, ал астаналық iKomek байланыс орталығының қызметкерлері видеоны әлеуметтік желілерде жариялады.

Бейнеролик қоғамдық орында әйелді ұрып-соғу фактісін ғана емес,   астаналықтардың немқұрайлығын да паш етті.

Видеода ер адам жүргіншілер өткелінің маңында тұрған әйелге барып, бетінен ұра бастайды. Әйел құлап түсіп, қарсылық көрсетуге тырысады, бірақ ер адам ұрып-соғуын тоқтатпайды. Бірнеше метр жерде тағы бес ер адам тұрған, олар әйелге көмектесуге еш әрекет жасамай, жанжалды сырттай бақылаған. 

Бірнеше минуттан соң оқиға орнына полицейлер келді.

Динагул Тасова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Пышақ ала жүгірді" Астаналық депутат-модель қалай соққыға жығылғанын айтып берді

"Ұрды ма, заң алдында жауап береді! Үнсіз қалма", — деп үндеу тастайды ролик.

Айта кетейік, кеше Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Астанадағы даулы шоудан кейін соққыға жығылған модель Динагүл Тасованың қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша Астана – Минск видеокөпірі өтті. 

Модель зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен қыздарға көмек көрсету үшін ұйым құруды жоспарлап отыр. 


Жаңалықтар
0