Қоғам

Бала зорланғанын неге бірден әке-шешесіне айтпайды: психоаналитиктер түсіндірді

© Photo : Hans KretzmannҚыз бала жылап отыр
Қыз бала жылап отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық мамандар зорланған әйелдер мен ер адамдардың жезөкше болып кетуі мүмкін екенін айтады

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Отандық мамандар зорланған адамның психикасында қандай өзгеріс болуы мүмкін екенін түсіндірді. Осы орайда, психоаналитиктер пациенттерін мысалға келтіріп, баламен жылы қарым-қатынас орнатудың маңыздылығына тоқталды.

Психоаналитик Анна Құдиярова көптеген пациенттің бірден бала күнінде зорланғанына шағымданып келмейтінін айтады. Бұл туралы сол кезде тым кіші болғандықтан ұмытып қалған болуы мүмкін немесе ашып айтуға ұялады.

әйел мен ер адам - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Әйелдер күйеуінен өшті төсек қатынасынан бас тарту арқылы алады - психоаналитик
"Төбе шашым тік тұрады"

"Бастапқыда отбасы мен жұмысындағы қиындықтары туралы айтып келеді: бала таба алмай жатырмын немесе ажырасайын деп жүрмін дегендей. Кейін осы пациенттердің өмірін зерттей келе 2-3 жасында немесе басқа кезде әйтеуір бір жәбірленгені анықталады. Кейде осындай оқиғалардың жиілігінен төбе шашым тік тұрады. Мысалы, маған келген төрт адамның үшеуі өздерінің бір кездері қорланғанын айтады", — дейді психоаналитик.

Сондай-ақ, Анна Құдиярова бұл пациенттердің 27 және 40 жас аралығындағы әйелдер екенін айтады. Олардың бүгінде ер адамдармен тіл табыса алмауына бала күнінен қалып қойған қорқынышы себеп. Саналы түрде отбасын құруға қадам жасағысы келгенімен, бейсаналы түрде ер адаммен қарым-қатынас құра алмай қиналады. Осы тұста маман көп жағдайда балаларын дер кезінде емдемейтін ата-аналарға наразы екенін жасырмады.

Тағы оқыңыз:

"Жаныңызға үлкен тікенек қадалса, жұмыс істей алмайтыныңыз сөзсіз. Әдетте мұндайдан кейін еркін күліп-ойнап жүре алмайсыз. Осы жерде үлкен тас алып, оны ата-аналарға лақтырғым келеді. Не дегенмен мұндай жағдайлардың алдын алуға, баласын дер кезінде емдетуге ата-аналардың сауаттылығы жетпей жатады. Егер баланың ата-анасымен қарым-қатынасы жақсы болса, оларға толықтай сенім артса, міндетті түрде өзін зорлаған кезде оларға жүгіріп келіп айтады. Әдетте ата-анасы сөзіне сенбей қояды деп қорыққандықтан айтпай, зорлық-зомбылыққа көніп жүре береді", — деді маман.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Психоаналитик қандай адамдардың несие алуға құмар болатынын айтты
Екі оттың арасында қалған адамның оқиғасы

Әрі қарай Орталық Азиядағы психоанализ институтының директоры пациентінің басынан өткен бір жағдайды баяндап берді. 40 жастағы ер адамның үйіне 14-15 жастағы үлкен ағасының ұлы келеді. Ал өзінің 4 баласы бар, соның ішінде екеуі — қыз бала. Біреуі — сегіз жаста, екіншісі — алты жаста. Бірде сегіз жасар қыз анасына келіп, бір жылдан бері үйде тұрып жатқан ағасының алты жасар қыздың іш киімін шешіп, оғаш әрекет жасағанын айтып береді. Анасы болған жағдайды күйеуіне жеткізіп, қайын ағасының ұлының үйден кетуін сұрайды.

"Пациентім менен "Бұл жағдайда не істесем болады? Келіншегімнің мұрнын бет қылып, аузын жабайын ба? Әлде қыздарыма сенейін бе?" деп сұрап келді. Мен қыздарының сөзіне сенуге кеңес бердім. Әрине, кішкене балада жыныстық қатынасқа қатысты түрлі қиялға негізделген ой болуы мүмкін. Бірақ, мұнда екі қыз баланың сөзі бір жерден шығып тұрғанын ескеруіміз керек. Одан бөлек үш жастан бастап баланың бүйрегінен үлкендердің жыныстық гормонына ұқсайтын гормондар бөлінеді. Яғни олар жыныстық қатынастың не екенін ерте жастан біле бастайды", — дейді маман.

Тағы оқыңыз:

Психоаналитик жәбірленушінің өзін қорлағандарды жазалау әрекетін қоғамның неліктен теріс қабылдайтынын түсіндірді. Маман мұны қазақ дәстүрі мен кеңес заманындағы тәрбиемен байланыстырады. Яғни бұл — адамның жаны бар екенін жоққа шығарып, оның тұлғалық қасиеттерін басып тастауға тырысудың салдары.

Ұйықтап отырған қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Психоаналитик қандай адамдардың түс көрмейтінін айтты
Осы орайда, психоаналитик Светлана Мергенбайқызы пациентінің басынан өткен оқиғасын баяндап берді.

"Бүгін кабинетімнен 30 жылдан астам уақыт күйеуінің соққысына шыдап келе жатқан әйел шықты. Бұл мазохизмнің астарында не жатқанын анықтауға тырыстық. Ол ерте тұрмысқа шыққан. Сол кезде анасы "Қызым, қандай жағдай болса да, үйге қайтып келме" деп айтқан. Ата-анасы алаңдамауы үшін сонша уақыт барлығына шыдап бағып келеді. Бұл — біздің қоғамдағы қазақ және кеңес тарихының астасқан тұсы. Қоғамның мүддесі жеке адамның мүддесінен жоғары тұрды", — дейді психоаналитик.

Зорланған әйел немесе ер адам жезөкше болып кетуі мүмкін

Анна Құдиярова зорланғаннан кейін жәбірленушінің психикасында қандай өзгеріс болатынына тоқталды. Салдары фобиядан басталып, жыныстық қатынастан қорқуға дейін жетуі мүмкін. Кейде керісінше қорланған әйел төсек қатынасында тым белсенді болып кетеді.

Тағы оқыңыз: 

"Кез келген жарақат — жарақат. Ол адамның психикасы мен жанына кері әсерін тигізеді. Салдарының бірі — жезөкшелік. Ер адам мен әйел адам жезөкшелікке ақыл-парасаты төмен болғандықтан емес, балалық шағында зорлық-зомбылықты бастан кешіргені үшін баруы мүмкін. Осы жаман іске бір кездері басынан өткізген жағымсыз оқиғадан кейін барып жүргенін түсінбейінше, жезөкше болып жүре береді", — дейді маман.

Қыз жылап отыр - Sputnik Қазақстан
Психоаналитик: Қазақстанда педофилдер қалаға қарағанда, ауылда көп
Ал астаналық психоаналитик Жанар Оспанова зорланғаннан кейін әйелдердің гомосексуалист болып кетуі мүмкін екенін де айтады. Десе де, бұл бәрінде бірдей дәл осылай болады деген сөз емес.

"Мысалы, қоғамда бала күнінде агрессор ер адамның тарапынан зорлық-зомбылық көрген әйелдер көп. Олар осы жағдайдың өмірінде екінші рет қайталанғанын қаламайды. Сол себептен ер адаммен жақын қарым-қатынас құрудан бас тартады. Осыдан барып олар әйел адамдарға қызыға бастайды. Гомосексуализмнің бір себебі осы болуы мүмкін", — дейді Жанар Оспанова.

Психоаналитик Гүлжан Амангелдинова да ер адамдардың гомосексуалист болуының себебі балалық шағында басынан өткерген жағдаймен байланысты екенін айтады. Осы орайда маман пациентін мысалға алды.

"90-жылдары ата-анасы жұмысқа кеткенде пациентімді көрші ұлға қалдыратын болған. Кейін әлгі ұл оны сарайға апарып, қолына түрлі тәттіні ұстатып, қалағанын жасайды екен. Пациентіме осы нәрсе ұнап қалып, екеуінің аймаласуы бірнеше жылға созылады. Көршінің баласы әскерге борышын өтеуге кетіп, екеуінің арасындағы байланыс үзіледі. Кейін осы әскерге кеткен жігітті Алматыдағы базарлардың бірінен көріп қалып, іштей қайтадан аймаласқысы келеді. Маған "Қыздарға қарай алмаймын. Ер адамдардың тәніне құмартып тұрамын. Енді не істесем болады?" деп келді", — дейді Гүлжан Амангелдинова.

Тағы оқыңыз:

Жүктілік - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ғалымдар жүкті әйелдерге неге көп ұйықтауға болмайтынын айтты
Ұл мен қыз өскен соң жоғарыдағыдай қиындықтарға тап болмас үшін балалар психоаналитигі Гүлжан Амангелдинова ата-аналарға бірден маманның көмегіне жүгінуге кеңес берді. Сондай-ақ, маман көптеген отбасының тұрмыстық жағдайы төмен болғандықтан, психологқа баруға мүмкіндігі бола бермейтінін жасырмады. Мұндайда әдетте тегін орталықтардың қызметін пайдалануға болады.

"Балаларға ғана емес, жасы үлкендерге де психоаналитик маманның көмегі қажет. Мысалы, денесінің бір жерін жарақаттап алған адамға қандай да бір дәрі-дәрмек немесе дәрігердің көмегі қажет. Ал психолог, психоаналитик мамандар адамның жанын емдейді", — дейді Гүлжан Амангелдинова.

Мұндай оқиғалар бір емес, бірнеше емес, көптеген қазақстандықтың басынан өтіп жатқаны сөзсіз. Ал, Сіз құрметті оқырман, балаңызды мұндайдан сақтандыру үшін не істеп жүрсіз? Балаңыздан бүгін "Маған ренжіп қалмадың ба?" деп сұрадыңыз ба?

Жаңалықтар
0