Қоғам

Аяқсыз қалуы мүмкін: аурудың үстіне ауру жамаған баланың жағдайы белгілі болды

CC0 / / Бала, иллюстративті фото
Бала, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астаналық дәрігерлер гангренамен жатқан сәбидің жағдайына байланысты түсініктеме берді

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Астаналық дәрігерлер перифериялық катетер қойғаннан кейін 11 айлық сәбидің аяғы не себепті ісіп, қызарып кеткенін түсіндірді. Баланың анасы әлеуметтік желілер арқылы дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптаған еді. Айтуынша, дәрігерлердің немқұрайлығынан баласы мүгедек болып қалуы мүмкін. 

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 2018 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысының тұрғыны 11 айлық сәбиіне Ұлттық кардиохирургия орталығында жоспарлы ота жасату үшін оны елордаға алып келген. Балада туа біткен жүрек ауруы бар. Астанада пневмониямен ауырып қалғандықтан ота жасаудан бас тартылған. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды, деп хабарлады Елорда Инфо. 

Аурухана, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Дәрігерлер қателесіп сау аяғын кесіп тастаған зейнеткер көз жұмды

"18 желтоқсан күні 11 айлық қыз бала пневмония диагнозымен Астана қаласының №1 балалар ауруханасына жатқызылды. Емдеу кезінде дәрі-дәрмекті енгізу үшін табанына перифериялық катетер қойылды. Катетер қойылған аумақта терінің қызаруы мен трофикалық өзгерістер пайда болды. Бұл өзгерістер баланың жүрек патологиясынан туындады. Бұл жиі артериялық трамбоз тудырады. Соның салдарынан науқастың аяғына қан айналымы бұзылды", — деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. 

Катетерді алған соң консервативті ем жүргізілгенімен, оң нәтиже бермеген. Бала №2 қалалық ауруханасының хирургия бөліміне ауыстырылып, онда екі тәулік болды. Бірнеше рет Астана медициналық университетінің кафедралық қызметкерлері мен Ұлттық ана мен бала орталығының мамандарының қатысуымен консилиум өткізілді.

"Консилиум қорытындысына сәйкес, жүрек патологиясын ескеріп баланы әрі қарай емдеу үшін Ана мен бала орталығына ауыстырылды. Қазіргі күні бала Ұлттық ана мен бала орталығында ем алып жатыр. Жүрек отасы кейінге қалдырылды, себебі пневмония салдарынан хирургиялық араласуға қарсы қатаң көрсеткіштер бар", — деді Ә.Рүстемова.

Ал №1 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы бойынша орынбасары Динат Қожекенов катетер неліктен баланың аяғына қойылғанын түсіндірді.

"Кейбір баланың көк тамырын анықтап катетер қою қиын болады. Аяқтағы қан тамыры қолға қарағанда жақсы дамыған, сол себепті біз кей жағдайда аяққа қоямыз. Балада жүректің ауыр туа біткен ақауы бар. Ондай ақау кезінде тромб түзілу қаупі бар. Тромб көк тамырда емес, артерияда түзілген. Ал базафикс көктамырға қойылған. Сондықтан тромб катетердің салдарынан түзілді деп айтуға келмейді. Катетердің қою техникасы мен оны күту дұрыс жүргізілген", — деді ол.

Дәрігер ота жасап жатыр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қателескен дәрігер науқасты алдап екі рет ота жасаған

Бұған қоса, дәрігерлер нәрестенің анасының пневмонияға  Астанаға келген соң шалдықты деген сөзін жоққа шығарып отыр.

"Бала Астанаға келе жатқан жолда ауырған шығар деп шешіп отырмыз. Өйткені, бала Астанаға келіп Кардиохирургиялық орталыққа жатуға келгенде балада пневмония болған. Ешқайда жатып үлгерген жоқ. Диагноз орталыққа келгенде анықталды. Пневмония болғандықтан ол кері қайтарылған жоқ, біздің қалалық №1 ауруханаға жатқызылды", — деп қосты Қожекенов.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір бала мен оның аяғын аман алып қалу үшін барлық ем шара жасалып жатыр.

"Бұл асқыну құрғақ гангрена деп аталады. Табаны немесе бақайларын ампутациялау туралы айтуға ерте, біз табанның өзін немесе бір бөлігін кесіп алып тастау үшін нақты көрсеткішін көріп отырған жоқпыз", — деді Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының №1 ортопедия бөлімінің меңгерушісі Болат Нағыманов. 


Жаңалықтар
0