21:15 22 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.93
  • EUR506.71
  • RUB5.55
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
136 0 0

Sputnik Қазақстан жаңажылдық шолу жасап, танымал қазақстандықтардың отандастарына қандай тілек тілегенін анықтап білді

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Қазақстандықтар асыға күткен жаңа жылды қарсы алды. Жұрттың басым көпшілігі Доңыз жылын өз үйінде отбасыларымен бірге қарсы алса, жұлдыздар жаңа жыл қарсаңында біраз әуреленген сыңайлы.

Бүкіл әлемді бағындырған Димаш Құдайберген Instagram желісінде суретін жариялап, табынушыларын үш тілде құттықтады.

"2019 жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл көптеген жақсылық алып келсін! Көптеген сыңғыр күлкімен қарсы алсын! Әр бір секунд сайын бақыт, Әр бір күн сайын бақыт, әр жыл сайын бақытты болыңдар. Денсаулықтарың мықты болсын!", — деп жазды Димаш.

Димаштың әріптестерінің басым көпшілігі Жаңа жылды сахнада атап өтті. Доңыз жылын отбасымен бірге емес, тыңдармандарының арасында қарсы алғандардың қатарында – Мадина Сәдуақасова мен Төреғали Төреәлі және Айқын Төлепберген Қызылорда тұрғындары үшін ән шырқаған.

Жұлдызды отбасы Бүркіт пен Аиша, керісінше, Жаңа жылды үш баласымен бірге тойлады. Әнші желіге Аяз Ата және Қаршақызбен түскен суретін жариялап, Жаңа жылмен құттықтады.

Ең танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова (Мақсатқызы) 2019 жылды Францияда Көкшіл жағалауда қарсы алыпты. Қазақстандық  Instagram желісінде оқырманың ең көп актриса кешкі көйлек киіп отырған суретін жариялапты.

"Инстаграмда бәрі өткен жылды қорытындылап жатыр, мен де қалыс қалмаймын. Осы жылы бес килограмм салмақ қостым, Францияда әжептәуір байқалады, тағы да қосатын сияқтымын. Жаңа жылды фитнестен бастамақпын, жалпы жыл керемет өтті, мақтанарлық жайттар болды, бірақ оны жазуға ерініп отырмын әрі ұйқым да келіп тұр. Қайырлы таң, менің Қазақстаным, ал бізге – қайырлы түн", — деп жазды Баян.

Тағы бір Instagram жұлдызы, модель-блогер Айжан Байзақова Жаңа жыл қарсаңында жаңажылдық киім киіп, құрбысымен түскен суретін жариялады. Халық арасында атышулы ару өткен жылы алты елде болып, жан құрбысымен қайта қауышқанын айтты. Сонымен бірге Байзақова ата-анасына түсіністік танытып, қолдау көрсеткендері үшін алғысын жеткізді.

"Биыл дастархан басында бір жақынымыздың орыны ойсырап тұр, бірақ кішкентайымыз қайғыруға мұрша бермейді. Ең бастысы, бұл жыл маған отбасының ең сүйіктісі – ұлымды сыйлады, шыны жүрегіммен жақсы көріп, сүйетінімді айттым. 2018 махаббат үшін рахмет", — дейді жас ана.

Қыздардың жүрегін жаулаған Тәуекел Мүслім де өз фанаттарын назардан тыс қалдырмады.

" Аллаға шүкір! Бәрі жақсы. Жаңа жылдарыңызбен", — деп қысқа да нұсқа жазды актер.

Жаңажылдық демалыс қазақстандықтар үшін екінші қаңтарға дейін созылады.

Тақырып бойынша

Астанада жаңа жыл түні қанша сәби дүниеге келді?
Құмнан жасалған аққала, бикини киген қаршақыз: жағажайдағы жаңа жыл - фото
Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады
Жаңа жылды тойламайтын 8 ел
Головкин жанкүйерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады
Үш елде көрсетіледі: Димаштың Жаңа жылдағы өнерін қайдан тамашалауға болады
Жаңа жыл туралы қызықты деректер: тарихы және қарсы алу дәстүрі
Кілт сөздер:
танымал есімдер, тілек, жаңа жыл, Айжан Байзақова, Тәуекел Мүсілім, Баян Алагөзова, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып