18:20 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
245 0 0

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ мәдениетін шетелге танытуда батыл болуға шақырды

АСТАНА, 28 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев шетелде Қазақстанның имиджін қалыптастырып жүрген өнерпаздар туралы сөз қозғап, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету аса маңызды екеніне тоқталды. Бұл туралы президент жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Елбасы рухани жаңғыру бағдарламасының бір саласы Қазақстан мәдениетін Батыста насихаттау екенін айтты. Осы орайда, ол мәдениетімізді дамытуда батыл болуға шақырды. 

"Мысалы, Америка голливудты ұсынады. Италия үздік әншілерімен танымал. Біз де мұндайдан кенде емеспіз. Танымалдардан Димаш Құдайберген бар. Әлем қазақты Димаш арқылы танып жатыр. Біз өз мәдениетімізді жұртқа паш етуде батыл болуымыз керек", — деді мемлекет басшысы. 

Әрі қарай Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары Астана опера және балет театрының беделі өсіп, үлкен потенциалға ие болып келе жатқанына тоқталды. Айтуынша, бұл театр ұжымын Париж бен Венада қуана қарсы алады. Мұнымен қатар, Елбасы қазақстандық таланттарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің маңызды екенін айтып өтті. 

"Мамандар Мария Мудряктың болашағы зор екенін байқады. Сол себепті біз оған стипендия беріп, Италияда аспирантурада оқуға көмектестік. Бүгінде танымал мамандардың біріне айналып отыр. Бұл салада бәсеке үлкен. Қолдап, көмектесіп жібермесек болмайды. Өйткені, шынтақпен итеріп, оңай өткізе қоймайды. Сондай-ақ, 10 жастағы фортепианода ойнайтын менің аттасымды атап өтуге болады. Ол — нағыз феномен, вундеркинд", — деді Елбасы. 

Тақырып бойынша

Елбасы 2068 жылғы ұрпаққа хат жазып қалдырды
Димаш Құдайбергеннің әні Ресейде тағы да топ жарды – видео
Димаш Құдайберген Кремльде жеке концерт береді
Димаш енді Америка сахнасында ән шырқайды — видео
"Нағыз патриот!". Димаш 118 ел аруы қатысқан байқауда ана тілінде ән шырқады — видео
Жүрсін Ерман айтысқа қатысты: Елбасы маған жеке тапсырма берді
Кілт сөздер:
Назарбаев, Димаш Құдайберген
Загрузка...

Басты тақырып