Қоғам

2019 жылы ең ұзақ демалыс қашан болады?

CC0 / / Отшашу
Отшашу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық немесе мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі және жексенбі) сай келсе, қазақстандықтар тағы бір күн демалады

АСТАНА, 19 желтоқсан  — Sputnik. 2019 жылы қазақстандықтарды ұзақ демалыстар күтіп тұр.

Жаңа жылмен бірге алғашқы демалыс та басталады. Ол 30 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін созылмақ. Естеріңізге сала кетсек, 29 желтоқсан – 2018 жылдың соңғы жұмыс күні. Қазақстандықтар 7  қаңтарда да жұмыс істемейді – православ Рождествосы дүйсенбі күніне сәйкес келеді.

Бес күндік жұмыс істейтіндер үшін 2019 жылғы ең ұзақ демалыстар:

  • Наурызда бес күн  —  21-25 наурыз;
© Sputnik / Анатолий УстиненкоҰлыстың ұлы күні - Наурыз
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз - Sputnik Қазақстан
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз

 

  • Тәуелсіздік күніне орай төрт күн – 14-17 желтоқсан;
  • Халықаралық әйелдер күні мейрамында үш күн — 8-10 наурыз;
  • Жеңіс күніне орай төрт күн – 9-12 мамыр;
© Photo : Астана әкімдігі9 мамыр - Жеңіс күні
9 мамыр - Жеңіс күні - Sputnik Қазақстан
9 мамыр - Жеңіс күні
  • Астананың туған күнінде үш күн – 6-8 шілде;
  • Конституция күнінде үш күн – 30 тамыздан 1 қыркүйекке дейін; 
  • ҚР Тұңғыш Президенті күнінде үш күн – 30 қарашадан 2 желтоқсанға дейін.

Қазақстанда Тәуелсіздік күні ұлттық мереке болып саналады. Сонымен бірге қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамырда, Отан қорғаушы күні – 7 мамырда және Тұңғыш Президент күні – 1 және 2  желтоқсанда демалады.

Дәстүр бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 11 тамыз да демалыс. Ол жексенбіге сәйкес келеді, алайда бұл ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, тағы бір күн демалыс берілмейді, деп ескертті Uchet.kz.

Сонымен, қазақстандықтар 2019 жылы 120 күн демалады.

Жаңалықтар
0