Қоғам

"Күтпеген сый болды" Самал Еслямова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды

© Sputnik / Владислав ВодневСамал Еслямова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды
Самал Еслямова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еслямова биыл Канн кинофестивалінде жүлде алған еді

АСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кино әртісі Самал Еслямоваға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлия Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев кенже қызының бетінен сүйіп, мемлекеттік сыйлықпен марапаттады

Игі дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада елге еңбегі сіңген азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. 

Президенттің қолынан марапат алғандар қатарында кино актрисасы Самал Еслямова да бар. Ол "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды.

Сондай-ақ, бұл атақ "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консеваториясы" РММ аға оқытушысы Ян Рудковскийге берілді. 

Салтанатты жиыннан кейін журналистер Самал Еслямовадан марапаттау кезінде президентке не деп айтқанын сұрады.

"Мен оны бала кезімнен көруді армандағанымды айттым. Елбасы маған осындай жоғары награда табыстайды деп күткен жоқпын. Бүгін мен үшін тарихи күн. Армандар орындалады, тек дұрыс армандай білу керек", — деді актриса.

Жаңалықтар
0