Қоғам

ШҚО әкімі Риддердегі атышулы жол апаты туралы: қатал сабақ болды

© Photo : предоставлено пресс-службой акима ВКОДаниал Ахметов
Даниал Ахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңір басшысы әкімнің орынбасары айыпты болған Риддердегі жол апатына қатысты пікірін білдірді

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қол астындағы бұрынғы қызметкері айыпты болған жол апаты туралы пікірін білдірді.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Риддердегі атышулы жол апаты: әкімнің орынбасарына үкім шықты

15 сәуірде Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев жаяу жүргіншіні қағып, зардап шеккен жас жігіт жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды. Құрманбаевпен бірге BMW Х5 көлігінде Өскемен әкімі Қуат Тумабаев та болған. Қазір әкімдіктің екі қызметкері де жұмыстан шығарылған.

Қазақстан жұртшылығының наразылығын тудырған оқиға туралы және шенеуніктердің жүгенсіздігіне қатысты пікір білдіре отырып, облыс басшысы қатты өкініш білдіріп, болған істі өткеннің еншісіне қалдыруға шақырды.

"Әкім дұрыс жасамады, бірақ қазір ол басқа жақта. Оны масқаралай бергеніміз жөн емес. Өмір бізге қатал сабақ берді. Бұл өткеннің еншісінде, бүгінгі күнімізді ойлап, болашақтан үміт үзбеуге тиіспіх", — деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Астанадағы брифинг кезінде.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Риддердегі атышулы жол апаты: Өскемен әкімі оқиға орнынан неге кетіп қалғанын түсіндірді

Қос шенеунік ұшыраған жол апаты 15 сәуірде болды. Риддер әкімінің бұрынғы орынбасары көше бойымен келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 19 жастағы Евгений Смольников алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 

Маусым айының соңында сот бұрынғы әкім орынбасарын бір жылға соттап, бес жылға көлік айдау құқығынан айырды. Іс бойынша куәгер болған Өскемен әкімі тамыз айының ортасында қызметінен кетті.

Жаңалықтар
0