Қоғам

"Енді әр шымкенттіктің өз ID-картасы болады" Әкім мұның не екенін түсіндірді

© Photo : Пресс-служба агентства по делам государственной службы и противодействию коррупцииID-картасы бар қызметкер, архивтегі сурет
ID-картасы бар қызметкер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ID-картасы бар тұрғындар үшін ақылы қызметтер мен орындар сырттан келгендерге қарағанда арзан болады

АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. ID-картасы бар қала тұрғындарына түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы бүгін қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов айтты, деп хабарлайды тілшісі. 

Шымкент - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкент әкімі: Егер телефонмен айта алмасаң, онда мүлдем келме – видео

Шымкент әкімі қала тұрғындарына жеңілдіктер қарастыруды көздейтін өте маңызды жобаны қолға алғанын атап өтті.

"Енді әр тұрғынның ID-картасы болады. Осы карта иелері үшін жолақы, театр, кітапхана, автотұрақ және тағы басқа ақылы қызметтер арзан болады. Мәселен, қала тұрғыны үшін автотұрақ 100 теңге болса, сырттан келгендер 200 теңге төлейді. Мен мұны әділетті деп санаймын", — деді әкім ОКҚ-де өткен брифингте. 

Оның айтуынша, Шымкентке жиі келіп тұратын азаматтар жеңілдікке ие болуы үшін ақша төлеп, ID-картаны сатып ала алады. 

Сондай-ақ Әбдірахымов қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  50 мың бейнекамера орнатылатынын айтты. 

"Абу-Дабидегі араб әріптестерімізбен бірлесіп, "Қауіпсіз қала" жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Соның аясында әуежай мен вокзалдан бастап барлық жерге 50 мың камера орнатылады. Яғни, біз кез келген адам жайлы бәрін біліп отырамыз. Бұл қауіпсіздік үшін жақсы деп ойлаймын", — деді ол.


Жаңалықтар
0